№10 "Наурыз" бөбекжай-бақшасы қазақ тобына тәрбиеші лауазымына бос орын жарияланғанын хабарлайды » №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)34-61-65
Есепші бөлімі:
+7(7262)34-61-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №10 "Наурыз" бөбекжай-бақшасы қазақ тобына тәрбиеші лауазымына бос орын жарияланғанын хабарлайды
03
февраль
2023

№10 "Наурыз" бөбекжай-бақшасы қазақ тобына тәрбиеші лауазымына бос орын жарияланғанын хабарлайды

Конкурс  өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Орналасқан жері:080009, Тараз қаласы, 2 «Қаратау» мөлтекауданы № 34А, detsad_nauryz@mail.ru

Байланыс нөмері: 8(7262)34-61-65; 87766200469

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Лауазым атауы: тәрбиеші 

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Балалардың денсаулығын сақтау және қорғау қызметін қамтамасыз ету;

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу  қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асыру;

3. Пәндік – дамытушылық ортаны қалыптастыру, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік ету;

4.Жалпы білім беретін оқу  бағдарламаларын, оқу – әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие –білім   беру  жұмыстарын жоспарлайды. 

5.Ата – аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған  сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсету; 

6.Балалардың  құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау;

Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік - 201675 тг.

Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: 

-жоғары педагогикалық «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі;

- педагогикалық санаты: педагог-модератор;

-еңбек өтілі 5 жылдан жоғары;

-компьютерлік  сауаттылықты және ақпараттық –коммуникациялық құзреттілікті жақсы меңгерген.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1.02-9.02.2023 жыл     

Қажетті құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 
  3. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
  4. білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы күәлік (болған жағдайда); 
  10. түйіндеме;
  11. Бағалау парағы   (11- қосымша)

Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі: 1.02-9.02.2023 жыл аралығында

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив