Біздің тарихымыз
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
ТАРИХИ АНЫҚТАМАСЫ
«Тараз қаласы әкімдігінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1971 жылы қолдануға берілген.
Тараз қаласы әкімінің 2005 жылдың 3 ақпандағы №26 «Тараз қаласы әкімі білім басқармасының «Мектепке дейінгі №72 «Наурыз» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылуы» туралы шешімінің негізінде Тараз қаласы әкімдігінің білім және спорт бөлімінің «Мектепке дейінгі №10 «Наурыз» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны құрылды.
Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қарашадағы №1047 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31бабына сәйкес «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік қарауындағы ведомстволық кәсіпорын және мекеменің атауы «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №10 «Наурыз» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №10 «Наурыз» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (БСН 040640002699), Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 14 маусымдағы №329 Жарлығы және Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы №107 қаулысының негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 "Наурыз" балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта өзгертілді.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 "Наурыз" балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (БСН 040640002699), Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 шілдедегі №1545 қаулысына сәйкес «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 "Наурыз" бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып өзгертілді.
Заңды тұлғаның мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы,
Тараз қаласы, Қаратау мөлтек ауданы, №34А үй. Пошталық индексі 080009.
«Тараз қаласы әкімдігінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметі 14.05.2012 жылғы Тараз қаласының әкімшілігі бекіткен Жарғы бойынша жүргізіледі. «Тараз қаласы әкімдігінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басқаруы «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, бөбекжай-бақшаның Жарғысына, 17.05.2013 жылғы № 499 «Мектепке дейінгі ұйымдары қызметінің типтік ережелеріне» сәйкес жүргізіледі және оның тиімді қызметі мен дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. Құрылтайшысы және уәкілетті органы Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі болып табылады.
Мекеменің мақсаты мен міндеттері:
1. Баланың физикалық және психикалық денсаулығын бекіту, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру.
2. Балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарын ұлттық мәдениетті бала бойында қалыптастыру, патриоттылыққа және елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік белсенділіктерін дамыту.