12
декабрь
2025
Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру
«Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру» – мектепке дейінгі жастағы балаларды жүйелі білім алуға дайындау мақсатында, олардың оқу үдерісіне қажетті негізгі дағдыларды біртіндеп және мақсатты түрде дамыту процесі. Бұл үдеріс барысында бала тек дайын білімді қабылдаушы емес, белсенді қатысушы ретінде қалыптасады.
Аталған ұғымның мазмұнына баланың оқу әрекетінің негізгі элементтерін меңгеруі кіреді. Олар: мақсат қоя білу, оқу тапсырмасын дұрыс түсіну, оны жоспарлап орындау, өз әрекетін бақылау және нәтижесін бағалау. Осы дағдылар баланың танымдық белсенділігін арттырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытуда.Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру – баланы «қалай оқу керек» екенін үйрету деген сөз. Яғни бала тек тапсырманы орындап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, орындау жолдарын іздейді, қиындықтарды жеңуге тырысады және өз нәтижесіне сыни тұрғыдан қарай алады. Бұл оның ойлау қабілетінің, зейінінің, есте сақтау және сөйлеу дағдыларының дамуына ықпал етеді.