МЕКТЕППЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС » №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)34-61-65
Есепші бөлімі:
+7(7262)34-61-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» МЕКТЕППЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
Қызықты кітап әлемі
15
апрель
2026
Қызықты кітап әлемі
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Мақсатты серуен
17
март
2026
Мақсатты серуен
«Мектепке саяхат» серуені балалардың әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, ересектермен қарым-қатынас жасау, тәртіп ережелерін сақтау және ұжымдық ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.Бұл іс-шара бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтып, баланың балабақшадан мектепке біртіндеп әрі жеңіл бейімделуіне жағдай жасайды.
Сурет көрмесі "Бақытты балалық шақ"
20
февраль
2026
Сурет көрмесі "Бақытты балалық шақ"
Мақсаты: «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың ішкі жан дүниесін, қиялын және өмірге деген көзқарасын бейнелеу мақсатында ұйымдастырылды.                                                                «Бақытты балалық шақ» сурет көрмесі мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың эмоционалдық көңіл-күйін сурет арқылы еркін білдіруіне және балалық шақтың құндылығын насихаттауға бағытталған
Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру
12
декабрь
2025
Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру
    «Оқу әрекетінің элементтерін қалыптастыру» – мектепке дейінгі жастағы балаларды жүйелі білім алуға дайындау мақсатында, олардың оқу үдерісіне қажетті негізгі дағдыларды біртіндеп және мақсатты түрде дамыту процесі. Бұл үдеріс барысында бала тек дайын білімді қабылдаушы емес, белсенді қатысушы ретінде қалыптасады.  Аталған ұғымның мазмұнына баланың оқу әрекетінің негізгі элементтерін меңгеруі кіреді. Олар: мақсат қоя білу, оқу тапсырмасын дұрыс түсіну, оны жоспарлап орындау, өз әрекетін
«Мен оқушымен» рөлдік ойын
11
ноябрь
2025
«Мен оқушымен» рөлдік ойын
Мақсаты: Балаларды мектеп өмірімен таныстыру. Мектепке деген қызығушылықтарын арттыру.Сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Мектеп туралы алғашқы түсінік беру. Рөлдік ойын арқылы диалог құруға үйрету. Әлеуметтік ортада өзін ұстауға дағдыландыру.      Балабақша мен мектеп сабақтастығы – бұл баланың балабақшадан мектепке өту кезеңіндегі үздіксіз білім беру процесі. Бұл кезеңде баланың психологиялық, әлеуметтік және танымдық дамуы ескерілді.     Сабақтастықтың негізгі мақсаты – баланы
Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау
08
октябрь
2025
Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау
Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау – бұл мектепалды даярлық тобындағы балалардың оқу әрекетіне, мектеп тәртібіне және жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу деңгейін кешенді түрде зерттеу үдерісі тексерілді Анықтау барысында баланың танымдық үрдістерінің (зейін, есте сақтау, ойлау), эмоционалдық күйінің, ерік-жігер сапаларының, сондай-ақ әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларының даму деңгейі бағаланды. Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау баланың мектепке сәтті
Бөбекжай-бақшамен мектеп арасындағы бірлескен іс-шаралар, ертеңгіліктер, ойын-сауықтар ұйымдастыру
05
сентябрь
2025
Бөбекжай-бақшамен мектеп арасындағы бірлескен іс-шаралар,
Мақсаты: Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы бірлескен іс-шаралар, ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыру – мектепалды тобы балаларының мектеп ортасындағы жұмыс.  Аталған іс-шаралар барысында балалардың эмоционалдық жай-күйі, әлеуметтік қарым-қатынас дағдылары, ұжыммен әрекет ету қабілеті дамытылды.
Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастыққа байланысты жоспар құру
29
август
2025
Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастыққа байланысты жоспар
Мақсаты: Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерін мектепке даярлау, білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, педагогтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту. Сабақтастық – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты бөбекжай-бақша мен мектеп арасында бірлескен жұмыс жоспары әзірленді. Жоспарды құру барысы: Жоспар келесі бағыттарды қамти отырып құрылды: тәрбиеленушілердің мектепке психологиялық және оқу
Бөбекжай-бақшамен мектеп арасындағы сабақтастық жоспары
29
август
2025
Бөбекжай-бақшамен мектеп арасындағы сабақтастық жоспары
Мақсаты: Баланың мектепке психологиялық, танымдық, әлеуметтік және сөйлеу дайындығын қамтамасыз ете отырып, білім беру үдерісінде үздіксізді сақтау.