Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастыққа байланысты жоспар құру » №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"№10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262)34-61-65
Есепші бөлімі:
+7(7262)34-61-65
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастыққа байланысты жоспар құру
29
август
2025

Бөбекжай-бақша мен мектеп арасындағы сабақтастыққа байланысты жоспар құру

Мақсаты: Бөбекжай-бақша тәрбиеленушілерін мектепке даярлау, білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, педагогтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Сабақтастық – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты бөбекжай-бақша мен мектеп арасында бірлескен жұмыс жоспары әзірленді.
Жоспарды құру барысы:
Жоспар келесі бағыттарды қамти отырып құрылды:
тәрбиеленушілердің мектепке психологиялық және оқу дайындығын қалыптастыру; 
педагогтар арасындағы тәжірибе алмасу (ашық сабақтар, семинарлар); 
ата-аналармен жұмыс (жиналыстар, кеңестер); 
балалардың мектеппен танысуы (экскурсиялар, кездесулер); 
диагностикалық жұмыстар жүргізу. 
Жоспардың мазмұны:
Жоспар жылдық мерзімге құрылып, ай сайынғы іс-шаралармен толықтырылды. Онда:
бірлескен әдістемелік кеңестер; 
ашық сабақтар мен іс-шаралар; 
мониторинг және талдау жұмыстары қарастырылды.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив