Конкурс шешімі
Конкурс шешімі
№10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасының ресми сайтында, Instagram парақшасы және www.enbek.kz порталында 2025 жылғы 28 қазан–5 қараша аралығында уақытша бос тәрбиеші лауазымына конкурс жарияланды.
Педагогтерді бос немесе уақытша бос орындарға қабылдау бойынша комиссия отырысының қорытындысы:
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №10 «Наурыз» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 07.11.2025 жылы бос және уақытша бос лауазымына кандидаттарды қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы болып өтті. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен (2023 жылғы 16 тамыздағы №343 бұйрығы) бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына сәйкес өткізілді.
Аталған мерзімде құжаттар қабылданды. Үміткерлердің құжаттары белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша қаралды.
Құжат тапсырған үміткерлер саны:
Уақытша бос тәрбиеші лауазымына – 1 үміткер
Уақытша бос тәрбиеші лауазымына үміткер:
1. Ержан Аружан Ержанқызы
2. Жиналған балл негізінде конкурстық комиссия шешімі шығарылып, Ержан Аружан Ержанқызы уақытша бос тәрбиеші лауазымына тағайындауға мекеме басшысына ұсынылсын.


